Қуаңшылық пен су тасқындары, ауаның ластануы мен азық-түлік сапасының нашарлауы түрлі ауруларды қоздырып, адамзатқа қауіп төндірді.
ERNUR.KZ. Күрделі экологиялық мәселе биыл күзде Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының саммитінде кеңінен талқыланбақ, деп жазады 24.kz.
Климаттың өзгеруінен әлемде миллиондаған адам көз жұмуда. Қуаңшылық пен су тасқындары, ауаның ластануы мен азық-түлік сапасының нашарлауы түрлі ауруларды қоздырып, адамзатқа қауіп төндірді. Күрделі мәселе биыл күзде Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының саммитінде кеңінен талқыланбақ. Ауқымды жиынға дайындық қазірдің өзінде қызу жүріп жатыр. Жуырда өткен мәжілісте баламалы энергия көздеріне ауысу, ауа райының өзгеруіне қарсы шаралар, өндірістік қалдықтарды азайту мәселесі қаралды. Мария Фернанда Эспиноса, БҰҰ бас ассамблея төрайымы:
– Ғылыми мәліметтер ауа райының өзгеруіне қарсы қабылдаған шараларымыз жеткіліксіз екенін айқын көрсетіп тұр. Егер осыған қарсы күресте күшімізді еселемесек, Париж келісімінде бекітілген мақсаттарымызға жете алмаймыз.