Ғалымдар: Арктикадағы мұз біз ойлағаннан да жылдам еріп барады

0
969

Арктикадағы мұз бұған дейінгі есептеулерден 2 есе жылдам еріп жатыр.


Ғалымдар: Арктикадағы мұз біз ойлағаннан да жылдам еріп барады

ERNUR.KZ. Жаһандық жылынуға қатысты жағдай қауіпті болып тұр, деп жазады 24.kz.

Лондон университеттік колледжінің ғалымдары осылай деп отыр. Айтуларынша, Арктикадағы мұз бұған дейінгі есептеулерден 2 есе жылдам еріп бара жатқан көрінеді. Өйткені мамандар бұл жолы өлшеудің жетілдірілген технологиясын қолданған.

Ғалымдар «бәріне жаһандық жылыну себеп» дейді. Өйткені қар бұрынғыдан аз жауатын болған. Тиісінше, мұз да жылдам ери бастаса керек.

"Мұздың қалыңдау болғаны дұрыс. Өйткені ол мұхитты күн сәулесінен қорғайды. Яғни мұз тез еріген сайын мұхит суы да жылдамырақ жылынады деген сөз", - дейді Лондон университеттік колледжінің өкілі, Робби Маллетт.