Зерттеу барысында анықталғандай, бұл дақылдың құрамында Bacillus cereus атты қауіпті бактерия бар, ол көмірсуға бай азық-түлікті бүлдіреді.
ERNUR.KZ. Піскен күрішті дұрыс сақтамаса, адам өміріне аса қауіпті, деп жазады Sputnik.news.
Зерттеу барысында анықталғандай, бұл дақылдың құрамында Bacillus cereus атты қауіпті бактерия бар, ол көмірсуға бай азық-түлікті бүлдіреді.
"Бактерия әртүрлі жағдайда тіршілік етеді: топырақта, жануарлардың ұлпасында, жәндіктерде, шаң-тозаң мен өсімдіктерде. Сонымен бірге азық-түлікте тез көбейеді. Әсіресе, күріш, сүт өнімдері мен көкөністер олар үшін жайлы орта болып саналады", - делінген хабарламада.
Піскен күріш бөлме температурасында ұзақ тұрып қалса, Bacillus cereus бактериясы белсенді көбейе бастайды, ал оны жеген адам уланып, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Бастапқы белгілері: құсу, ыстығы көтерілу, ағзаның жалпы улануы.
Зерттеушілер анықтағандай, кей жағдайда бауыр қызметіне орасан зор зияны тиіп, адам өліміне себеп болуы ықтимал. Жүкті әйелдер, сәбилер мен иммунитеті төмен адамдарға аса қауіпті.