Ғалымдар пластик бөтелкедегі судың адам ағзасына қаупін анықтады

0
289

Зерттеушілер бөтелкедегі суға тәуелділік экологиялық және медициналық шығынға ұшыратады деген қорытындыға келді.


Ғалымдар пластик бөтелкедегі судың адам ағзасына қаупін анықтады

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Катардағы Weill Cornell Medicine зерттеушілері бөтелкедегі судың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіптілігін анықтады, деп жазады stan.kz.

Зерттеушілердің айтуынша бөтелкедегі су қатаң сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейді. Әсіресе ұзақ уақыт сақтағанда немесе жоғары температураға қойғанда пластик бөтелкелерден химиялық заттар шығады. Олар гормоналды жүйені бұзатын микропластик болуы мүмкін.

Талдау жүргізу үшін ғалымдар әртүрлі көздерден жиналған судың сапасы туралы деректерді пайдаланды. Нәтижесінде бөтелкедегі су үлгілерінің 10-78 пайызында тотығу әсері мен жүрек-қан тамырлары проблемаларын тудыруы мүмкін микропластиктер және фталаттар мен бисфенол А (BPA) сияқты түрлі ластаушы заттар бар екенін көрсетті.

Зерттеу сонымен қатар пластик бөтелкелерді пайдаланудың экологиялық зиянын да көрсетеді. Авторлардың пікірінше, пластик бөтелкелердің тек 9 пайызы ғана қайта өңделеді. Ал қалғандары полигондарға немесе мұхитқа түсіп, ғаламды ең көп ластаушы болады.

Зерттеу авторлары бір реттік пластик бөтелкелерді пайдалануды шектеу және қауіпсіз ағын су инфрақұрылымын дамыту бойынша, әсіресе табысы төмен және орташа елдерде белсенді шараларды қолдануға шақырады. Бұл қоршаған ортаға әсерді азайтып қана қоймай, денсаулыққа қарсы қауіптің алдын алады.

Зерттеушілер бөтелкедегі суға тәуелділік экологиялық және медициналық шығынға ұшыратады деген қорытындыға келді.