Ғалымдар тарихта алғаш рет үш жынысты организмді ашты

0
614

Үшінші жынысты ғалымдар "бисексуал" деп атады.


Ғалымдар тарихта алғаш рет үш жынысты организмді ашты

ERNUR.KZ. Токио университетінің зерттеушілері Pleodorina starrii деп аталатын жасыл балдырлардың үш түрлі жынысы бар екенін анықтады: олар "ер", "әйел" және үшінші жынысты ғалымдар "бисексуал" деп атады деп жазады Stan.kz.

Бұл тарихта үш жынысты балдырларды анықтаған алғашқы жағдай.

Бұл түрдің үшінші жынысы еркек немесе әйел колониясын құра алады, сондықтан аталық яки аналық жасушалармен жұптаса береді.

"Үш жынысты түрді табу өте ерекше көрінеді, бірақ қалыпты жағдайда бұндай оқиғалар онша сирек болмауы мүмкін деп ойлаймын", – деді зерттеушілердің бірі, Токио университетінің биологы Хисайоши Нозаки.

Әдетте, балдырлар жыныстық қатынассыз көбеюге қабілетті (клондау арқылы) немесе жыныстық жолмен (серіктесімен). Бұл олардың өмірлік цикл сатысына байланысты. Бұл хромосомалардың гаплоидты (дара) немесе диплоидты (қосарланған) жиынтығы болуы мүмкін.

Сондай-ақ белсенді гендерге байланысты жынысын өзгерте алатын гермафродит балдырлары бар. Үш жыныстың, оның ішінде гермафродиттердің болуы үштік деп аталады.