Жаңа қала Израиль басып алған Голан шыңдарында орналаспақ.
ERNUR.KZ. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 16 маусымда болашақта халқы қоныстанатын жерге "Трамп шыңдары" деп атап қойып, оның ашылу салтанатына қатысты, деп жазады centralasian.org.
Жаңа қала Израиль басып алған Голан шыңдарында орналаспақ. Бұл аумақты 2019 жылдың басында АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің жері ретінде ресми мойындады. "Трамп шыңдары" –израиль-америка қарым-қатынасының жандануының тағы бір кезеңі деп атап өтеді The Washington Post.
Голан шыңдары Антиливанның оңтүстігіндегі үстірт және таулы жер, қазіргі Ливан, Сирия, Иордания және Израиль шегінде орналасқан.
1981 жылы Израиль Кнессеті «Голан шыңдары туралы заңды» қабылдады, осы заң бойынша Израиль бұл аймақтың үстінен біржақты суверенитет жарияланды. Бірақ Сирия да бұл аймақты өзінің жері ретінде санайды.