Гонконгте ереуілдердің жаңа толқыны басталды

0
735

Өткен демалыс күндері жаппай шерудің жаңа толқыны өтті.


Гонконгте ереуілдердің жаңа толқыны басталды

ERNUR.KZ. Гонконгте алты ай бұрын басталған үкіметке қарсы ереуіл әлі де басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен демалыс күндері жаппай шерудің жаңа толқыны өтті. Бұл жолы демонстранттар Коулун аралына жиналды. Шерушілер өрт қойып, вандализм әрекеттеріне барған. Салдарынан орталық вокзал мен оған жақын орналасқан мейрамханаға айтарлықтай залал келді. Өз кезегінде наразы жұртты тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен су атқыштар қолданыпты.

Айта кетейік, аймақтағы жаппай тәртіпсіздіктер Гонконг билігінің қылмыстық іске күдіктілерді Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасын қабылдамақ болғаннан кейін басталған болатын. Бірақ Гонконг әкімшілігі заң жобасынан бас тартқанын бірнеше рет мәлімдесе де, наразылық тыйылар емес.