Грузияда бір тәулікте төрт рет жер сілкінді

0
541

Бірінші 3,8 баллдық жер сілкінісі түс болмай тіркелді.


Грузияда бір тәулікте төрт рет жер сілкінді

ERNUR.KZ. Жексенбіде Грузияда төрт жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Эпицентрлер Рача-Лечхуми аймағында орналасты. Алғашқы 3,8 баллдық жер сілкінісі түс болмай Они қаласынан 9 шақырым жерде тіркелді.

Екінші жағдай екі сағаттан кейін Они қаласынан 10 шақырым жерде болды, оның магнитудасы 4,7 болды. Магнитудасы 4,4 және 3,3 болатын үшінші және төртінші жер сілкінісі түстен кейін қаладан 7 және 12 шақырым жерде болды.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы хабарланған жоқ.