Гватемелада жанартау атқылауынан 25 адам көз жұмды

0
1 521

Осыған дейін 7 адамның көз жұмып, 300 тұрғынның түрлі деңгейде жарақат алғаны хабарланған болатын.


Гватемелада жанартау атқылауынан 25 адам көз жұмды

Гватемелада жанартау атқылауы тіркеліп, салдарынан 25 адам ажал құшты. Бұл туралы Хабар 24 «Риа Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Осыған дейін 7 адамның көз жұмып, 300 тұрғынның түрлі деңгейде жарақат алғаны хабарланған болатын. «Табиғи апат салдарын координциялау» ұлттық ұйымы 17 миллион азаматы бар Гватемалланың 1 жарым миллионнан аса халқының жапа шеккенін мәлімдеді. Жанартаудың атқылауы әлі де тоқтамай тұр. Күл мен бу 10 шақырым биіктікке көтеріліп жатыр.

Жергілікті билік 5 елді мекенде қауіптің ең жоғары деңгейін жариялады. Ел басшысы Джимми Моралес халықты сабырлық сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Көршілес мемлекеттер Гватемалаға көмек көрсетуге дайын екенін айтты. Ал Мексика президенті Энрике Пенья Ньето қаза тапқандар отбасына көңіл айтты.