Илон Маск 2022 жылы адамдарға чип орнатылатынын мәлімдеді

0
499

Маск нейрочиптерді адамдарға сынақтан өткізуді екі рет кейінге қалдырды.


Илон Маск 2022 жылы адамдарға чип орнатылатынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Neuralink компаниясының негізін қалаушы Илон Маск эксперименталды маймылдарға нейрочиптерді имплантациялаудың сәтті өткенін айтты. Миллиардер адамға чип орнатуды келесі жылдан бастауға уәде берді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, имплантанттар бірінші болып омыртқаның ауыр ауруларымен ауыратындарға салынады. Neuralink қазір АҚШ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті агенттіктің тестілеуге рұқсатын күтіп отыр.

Маск нейрочиптерді адамдарға сынақтан өткізуді екі рет кейінге қалдырды. Бұған коронавирустық пандемия себеп болды. Алайда, 2022 жылы компания адамдарды чиптеуді бастаса, бұл үлкен жетістік және ғылымдағы серпіліс болады деп күтеді.

Forbes журналының мәліметі бойынша, Илон Маск планетадағы ең бай адамдар тізімінде тұр, оның байлығы 292,6 миллиард доллардан асады. Bloomberg Илон Маск активтерінің жалпы құнын 311 миллиард доллардан астам деп есептейді.

Айта кетейік, қараша айының басында Илон Маск Tesla акцияларын сатуға уәде берді. Бұл оның әлемдегі аштықпен күресуге деген қадамы болмақ.