Илон Маск Марста қала салу үшін бар мүлкін сатпақшы

0
2 488

Кәсіпкер "қызыл планетада" қала салу үшін көптеген ресурс қажет екенін айтты.


Илон Маск Марста қала салу үшін бар мүлкін сатпақшы

ERNUR.KZ. Кәсіпкер әрі Tesla бас директоры Илон Маск мүлікін сатуға шешім қабылдады. Инженер мұндай қадам Марста автономды қала салу ниетінің маңыздылығын күшейтеді деп санайды, деп жазады Stan.kz.


"Іс жүзінде менде қаржылық тұрғыдан алғанда компанияның акцияларынан басқа құнды ештеңе болмайды", - деді миллиардер.


Маск үйсіз қалатынын атап өтті. Кәсіпкер қарбалас күндері фабрикада немесе кеңседе түнегенді құп көреді. Ал отбасы мен балаларына келетін болсақ, олар үшін баспана жалдау орынды деп санайды. Кәсіпкердің айтуынша, "қызыл планетада" қала салу үшін көптеген ресурс қажет.


"Менің ойымша, адамзат үшін ғарыштық өркениетке және планетааралық түрге айналу маңызды", - деп толықтырды Маск.