Индонезияда жанартау атқылап, 10 мың адам зардап шекті

0
202

Бірнеше ауылға ыстық күл түсіп, үйлерді, соның ішінде католик монастыры өртеніп кеткен.


Индонезияда жанартау атқылап, 10 мың адам зардап шекті

Фото: EPA

ERNUR.KZ. Индонезияның Флорес аралында жанартау атқылап, оның салдарынан кем дегенде 10 адам көз жұмды, деп жазады inform.kz.

Аталған аралдағы Лаки Лаки жанартауының атқылауы салдарынан атқыланған күл 2000 метрге (6500 фут) дейін көтерілді. Бірнеше ауылға ыстық күл түсіп, үйлерді, соның ішінде католик монастыры өртеніп кеткен.

Индонезияның табиғат апаттарымен күрес ұлттық агенттігінің мәліметінше, жанартауға жақын орналасқан 10 ауылындан кем дегенде 10 мың адам зардап шеккен. Олардың кейбіреулері қазіргі кезде туыстарының үйлерін паналауда. Үкімет мектептерді уақытша баспана ретінде пайдалануда.