Елдің Мұнай министрлігінің ресми өкілі Асем Джихад импорттау біртіндеп тоқтайтынын алға тартты.
ERNUR.KZ. Ирак 2024 жылы мұнай өнімдерін импорттауды толығымен тоқтатуды жоспарлап отыр. Бұл ел әлемде мұнай қоры бойынша екінші орында тұр, деп жазады Stan.kz
Елдің Мұнай министрлігінің ресми өкілі Асем Джихад импорттау біртіндеп тоқтайтынын алға тартты.
"2024 жылы ел жергілікті өндіріске көбірек сүйенеді. Ал бірқатар мұнай өңдеу зауыттарында өндіріс басталғаннан кейін мұнай өнімдерінің импорты толық тоқтағанға дейін төмендейді", - деді Джихад.
Қазіргі уақытта Ирак әлемде дәлелденген мұнай қоры (112 миллиард баррель) бойынша екінші орында тұр. Ол мұнай қоры бойынша әлемдегі жетекші мемлекеттерінің бірі екені атап өтілді.