Халықтың бас көтеруіне елді жайлаған жұмыссыздық пен жемқорлық себеп болып отыр.
ERNUR.KZ. Бағдаттағы ереуілдер басылар емес. Салдарынан қаза тапқандардың саны 27 адамға жетті. Тағы 400-ден астам тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Халықтың бас көтеруіне елді жайлаған жұмыссыздық пен жемқорлық сеп болып отыр. Мемлекеттің оңтүстігіндегі Нассирия, Амара және Хилла қалаларында комендаттық сағат енгізілді.
Еске сала кетейік, Бағдаттағы жаппай ереуілдер сейсенбі күні басталды. Наразы халық «араб көктеміндегідей» «режимді құлату керек» деген лозунгпен көшеге шыққан. Полиция ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ ашып, оқ атты. Елдің премьер-министрі Адиль-Абдул Махди жиналған топты тарқату үшін, жоғары оқу орны түлектерін барынша жұмысқа орналастырамыз деп уәде беріп отыр.