Иранда 5 шілдеде Президент сайлауының екінші туры өтеді

0
517

Президенттік орындық үшін екі үміткер таласады.


Иранда 5 шілдеде Президент сайлауының екінші туры өтеді

ERNUR.KZ. Бұл батыс Әзербайжан провинциясынан шыққан 69 жастағы, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі реформатор Масуд Пезешкиан, деп жазады inbusiness.kz.

Ол шетелдік инвестицияларды тартуды, Батыспен диалог құруды көздейді.

Иран басшысының республиканың ұлттық қауіпсіздік жоғары Кеңесіндегі 58 жастағы өкілі, консерватор Саид Джалили. Ол ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құруды, Ресеймен және Қытаймен стратегиялық серіктестікті тереңдетуді жақтайды.

Бұған дейін, Иранда сайлау жәшіктерін тасымалдау кезінде екі полицей қаза тапқаны хабарланды. Олар Систан және Белужистан елдімекендерінде сайлау жәшіктерін тасымалдау кезінде оққа ұшқан.