Иранда шерушілерге қолдау көрсеткен актриса қамауға алынды

0
1 593

Иран билігі аймақтарды шарпыған наразылықты қолдағаны үшін 38 жастағы Таране Алидустиді қамады.


Иранда шерушілерге қолдау көрсеткен актриса қамауға алынды

ERNUR.KZ. Иран билігі елдегі ең танымал актрисалардың бірін қамауға алды. Ол ереуілшілерге қолдау білдірген, деп жазады stan.kz.

Иран билігі аймақтарды шарпыған наразылықты қолдағаны үшін 38 жастағы Таране Алидустиді қамады. "Тасним" агенттігі оның "тәртіпсіздікті қоздыру" және "жалған ақпарат тарату" бойынша күдікке ілініп отырғанын мәлімдеді.

Актриса Таране Алидусти Иран үкіметінің тәртіпсіздіктерді басу әрекетін ашық сынаған және қараша айында ол наразылық білдірушілермен ынтымақтаса отырып, Instagram желісінде хиджабсыз түскен суретін жариялайды. Бірақ актрисаның қамауға алынуы үкіметке қарсы шерулерге қатысушының өлім жазасына кесілгенін айыптаған интернеттегі жазбасынан кейін болды.

38 жастағы әйел өз жазбасында халықаралық ұйымдарды Мохсен Шекариді өлім жазасына кесуге кедергі жасамағаны үшін сынға алады. 8 желтоқсанда ол үкіметті қолдайтын әскерилендірілген Басидж тобының мүшесіне шабуыл жасады, сондай-ақ Тегеран көшелерінің бірінде көлік қозғалысына кедергі жасады деп айыпталып, дарға асылған еді.

“Оның аты Мохсен Шекари болатын. Осы қантөгісті қадағалап, шара қолданбайтын әрбір халықаралық ұйым – адамзат үшін масқара”, - деп жазды актриса.

Осыдан кейін әйелге елді шарпыған наразылық туралы "өтірік ақпарат таратқан" деген айып тағылды. 8 миллионнан астам адам қол қойған актрисаның аккаунты жойылды.

The Guardian басылымы Алидустиді өз буынындағы ең ықпалды актрисалардың бірі деп атаған. Ол кино саласында бірнеше беделді сыйлыққа ие болған, 2017 жылы Оскар алған "Коммивояжёр" фильмінде негізгі кейіпкерді сомдаған.

Иранда әлі күнге дейін аразылық шаралары жалғасуда. Олар 22 жастағы Махса Амини 16 қыркүйекте полиция бөлімшесінде қайтыс болғаннан кейін басталды, оны полиция вице-министрі исламдық киім үлгісін бұзды деген айыппен ұстаған.

Осыдан кейін биліктің озбырлығына қарсы әйелдер, университет студенттері, тіпті мектеп оқушылары көшеге шықты. Иран үкіметі наразылықтарды тәртіпсіздік деп атап, барлығына өзінің басты қарсыласы АҚШ-ты кінәлайды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, мыңдаған наразылық білдіруші, оның ішінде ғалымдар мен журналистер қамауға алынған.

Құқық қорғаушылар ақпарат агенттігінің (Human Rights Activists’ News Agency) хабарлауынша, осы уақытқа дейін қауіпсіздік күштері кем дегенде 488 демонстранттарды өлтіріп, тағы 18 259 адамды тұтқындаған. Агенттік сондай-ақ қауіпсіздік күштерінің 62 қызметкерінің қаза тапқанын айтады.

Билік екі адамды "Құдайға қарсы соғыс ашты” деген айыппен өлім жазасына кесіп үлгерді.