Ирландияда табылған уақыт капсуласы қорқынышты шындықты ашты - видео

0
652

Уақыт капсуласы Ирландияға Ресейден жеткен.


Ирландияда табылған уақыт капсуласы қорқынышты шындықты ашты - видео

ERNUR.KZ. Ирландиялық серферлер Конор МакКлори мен Софи Карран Гвидор жағажайында металл зат тапты. Олар капсуланы ашып, қорқынышты шындықты білді, деп жазады sputnik.kz.

Уақыт капсуласы Ирландияға Ресейден жеткен. Жас серферлер, алдымен, бұл бомба деп ойлап қалған. Кейін орыс тіліндегі жазбаны көрді.

Ресейлік полюс зерттеушілер 2018 жыл болған экспедиция кезінде жолдау қалдырған.

Авторлар бұл хат жарты ғасырдан кейін ғана табылатынына сенімді болған. Алайда мұздардың жылдам еруіне байланысты капсула бірнеше мың шақырым қашықтықты тез өтіп, жағажайға жетіп қалды.

Қазіргі уақытта капсуладағы хаттарды жергілікті университет мамандары аударып жатыр. Кейін ол музейге беріледі.

Болған жағдайды естіген ресейлік экспедиция мүшелері климаттың өзгеруі проблемасына назар аударуға шақырды.