Ит сәбиді құтқарып, өзін өлімге қиған (видео)

0
1 779

Мокси есімді ақ түсті ит жыланды көре сала табанымен жанши бастайды.


Ит сәбиді құтқарып, өзін өлімге қиған (видео)

ERNUR.KZ. Кидапаван атты филиппиндік қаладағы бейнебақылауға түсіп қалған қос иттің улы жыланды бала жатқан үйге кіргізбей тұрған видеосы көптің ықыласын аударды деп жазады Qamshy.kz.

Кадрда көрінгендей, Мокси есімді ақ түсті ит жыланды көре сала табанымен жанши бастайды. Оған қара түсті Майли есімді ит көмекке келген. Екеуі улы жыланмен біраз айқасады.

Он минуттық төбелес нәтижесінде кобра қос итке де уын шашып үлгерген. Соның салдарынан Майли өліп қалады. Ал Мокси тірі қалғанымен, көзінен айырылған.

«Біз әйелім екеуміз жұмыста едік. Жұмыстан келгенде бала қараушы болған жайды баяндап берді. Біз бейнебақылаудан жағдайды көріп, таң қалдық. Мен иттерімнің алдында қарыздармын. Біз Майлиды сағынатын боламыз», - дейді сәбидің әкесі.