Италияда ер адам ірімшік үйіндісінің астында қалып, мерт болды

0
577

Ер адамның денесін үйінді астынан шығару үшін 12 сағаттан аса уақыт кеткен.


Италияда ер адам ірімшік үйіндісінің астында қалып, мерт болды

ERNUR.KZ. Ірімшік қайнататын өндіріс орнының иесі, 74 жастағы Джакомо Кьяппарини жексенбі күні Италияның солтүстігіндегі Романо-ди-Ломбардия қаласындағы қоймада мыңдаған ірімшік үйіндісінің астында қалып, мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Миланнан шығысқа қарай шамамен 50 шақырым жерде орналасқан қоймада 25 мыңға жуық пармезанға ұқсайтын әрі Италияда өте танымал, қатты ірімшік түрі Грана Падано болған.

Ірімшік қойылған сөрелердің бірі құлағаннан кейін әрқайсысы шамамен 40 келі болатын мыңдаған ірімшік бірінен кейін бірі төменге сырғи берген.

Құтқарушылар ер адамды құтқару үшін түнімен жұмыс істеді, бірақ оны аман алып шығу үміті минут сайын азая берді. Үйінді астынан Джакомо Кьяппаринидің денесін тауып, шығару үшін 12 сағаттан аса уақыт кеткен.

Кей ірімшіктер 10 метр биіктен құлаған деген болжам бар.

Бағалаулар бойынша, бизнеске 7 миллион еуро (немесе 6 миллион фунт стерлинг) шығын келген, деп хабарлайды Euronews.

Жергілікті полиция оқиғаның жай-жапсарын тергеуді бастады.