Италияда ғалымдар жеуге болатын батарея жасады

0
809

Оны құрастыруға миндаль, каперс, белсенді етілген көмір, теңіз балдыры, алтын жапырақ және балауыз пайдаланылған.


Италияда ғалымдар жеуге болатын батарея жасады

ERNUR.KZ. Италияның Милан технологиялық институтының ғалымдары жеуге және қайта зарядтауға болатын батарея жасады, деп жазады stan.kz.

Оны құрастыруға миндаль, каперс, белсенді етілген көмір, теңіз балдыры, алтын жапырақ және балауыз пайдаланылған. Бұл қуаттағыш электродты миндаль мен каперстен алады.

Батарея небәрі 0,65 вольтта жұмыс істейтіндіктен, адам ағзасына зиян тигізбейді. Сондықтан, онымен асқазан-ішек ауруларын анықтауға арналған шағын сенсорды қуаттандыруға болады.
Тағы бір айта кететін жайт, аккумулятордың ерекше прототипі адам асқазанын тексергеннен кейін сенсормен бірге қорытылып кетеді. Яғни, оны организмнен шығару үшін хирургиялық ота жасау қажет емес.