Итінің арқасында туған қызын зорлады деген айыптан құтылып кетті

0
2 070

Қыз бала туған әкесіне жала жауып, ер адам өмір бойына соттала жаздаған


Итінің арқасында туған қызын зорлады деген айыптан құтылып кетті

фото:Sputnik.

ERNUR.KZ. АҚШ тұрғыны Джош Хорнер кәмелеттік жасқа толмаған туған қызын зорлады деген айыппен 50 жылға сотталған еді, алайда күтпеген жерден шыққан айғақтардың арқасында ақталып шықты, деп жазады Sputnik.

Үкім шыққан соң алты айдан кейін 45 жастағы ер адам құқық қорғаушыларға қайта арызданды. Ол туған қызын зорлағаны үшін айыпты деп танылған еді, айғақ ретінде қызының сөзі ғана ескерілген. Қылмыстың ешқандай белгісі, ДНҚ-сараптамалар, тіпті куәгерлер де болмаған.

Ауыр айыбына қарамастан, ұйым сарапшылары ер адамға көмектесуге бел буады.

Тоғыз айға созылған істі жаңадан тергеген кезде қыз баланың бұрын анасын зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптағаны белгілі болды, бірақ ол кезде деректер расталмапты.

Бірақ оқиғаны айқындауға негізгі үлес қосқан үй жануары – Люси есімде қара лабрадор болды. Қыз баланың айтуынша, әкесі итті көз алдында атып тастаған. Алайда жуырда Люси аман-есен табылыпты. Соның арқасында қыздың әкесіне жала жапқаны белгілі болды.

Қосымша деректер белгілі болған соң, округтік прокурор сотталған ер адамды жақтап, оны ақтап шығуды сұрады. Ал бостандыққа шыққан Джош Хорнердің қуанышы қойнына сыймай, өзіне жәрдемдескендердің бәріне алғысын жаудырған.

"Әйелім Келли екеуіміз өмірімізді қайта бастаймыз", — дейді Хорнер