Ижевск мектебінде қаза тапқандар саны 17-ге жетті

0
440

Удмуртия билігі үш күнге аза тұту күнін жариялады.


Ижевск мектебінде қаза тапқандар саны 17-ге жетті

ERNUR.KZ. Ижевск мектебіндегі атыс салдарынан 11 бала мен алты ересек адам қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.

"Ресей тергеу комитетінің мәліметі бойынша 17 адам, оның ішінде 11 бала және 6 ересек адам қаза тапты", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ресей тергеу комитеті 15 адам, оның ішінде 11 бала көз жұмғанын хабарлаған болатын. 24 адам жарақат алды, оның 22-сі бала.

Дүйсенбі күні таңертең 34 жастағы Артем Казанцев Ижевск қаласындағы 88-мектепте оқ жаудырды. Ол күзетшіні өлтіріп, мектепке кіріп келген. Кейін Казанцев өз-өзіне қол жұмсады.
Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабының 2-бөлігі, 222-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Удмуртия билігі үш күнге аза тұту күнін жариялады.