Ижевскідегі мектепте болған атыстан құрбан болған жандардың саны 13 адамға жетті

0
535

Удмуртия басшылығы мектепте болған қайғылы оқиға үшін аза тұту жариялады, ол 29 қыркүйекке дейін жалғасады.


Ижевскідегі мектепте болған атыстан құрбан болған жандардың саны 13 адамға жетті

ERNUR.KZ. Ижевск мектебінде болған атыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті, оның 7-і бала. Тағы 14 бала мен 7 ересек адам дене жарақатын алған, деп жазады stan.kz.

Удмуртия басшылығы мектепте болған қайғылы оқиға үшін аза тұту жариялады, ол 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ресейдің Тергеу комитетінің орталық басқармасы Ижевскідегі атыс оқиғасын қолға алғанын мәлімдеді. Мектепке шабуыл жасаған адам ұлтшылдық рәміздері бар қара футболка мен бас киім киген, ер адам өз-өзін атып өлтірген. Оның жанында ешқандай құжат болмаған, шабуылшының жеке басы анықталып жатыр.

Ресей гвардиясының мәліметінше, Ижевск қаласындағы мектепте атыс болды деген күдіктінің мәйітінің жанынан атыс құралына айналдырған екі травматикалық тапанша, сондай-ақ патрондар толтырылған бос оқ қораптары табылған.

Бұған дейін Ижевскідегі мектепке шабуылдан 10 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жараланғаны жазылған еді.