Тұрақты әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты әуежайда аласапыран басталды.
ERNUR.KZ. Жүздеген адам Кабул әуежайында ұшақтарға шабуыл жасады, деп жазады zakon.kz.
Талибан қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) барлық шекара бекетін бақылауға алды. Ауғанстаннан тек әуежай арқылы кетуге (қашуға) мүмкіндік бар.
Тұрақты әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты әуежайда аласапыран басталды. Тек әскери рейстердің ұшуы жоспарланған.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Кабул әуежайында америкалық әскерилердің оқ атуы салдарынан бірнеше адам қаза тапты. France-Presse агенттігінің хабарлауынша, бұл көптеген адамның ұшып-қону жолағына шығып кетуінің салдарынан болды.
15 тамызда "Талибан" лаңкестік қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын басып алғанын жариялады.
Бұған дейін республика президенті Ашраф Ғани отставкаға кетуге келісіп, елден кеткені белгілі болды. Мемлекет басшысы Президент әкімшілігі басшысымен және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен бірге Тәжікстанға кетті деген болжам бар. Басқа ақпарат көздері Өзбекстан мен Оманның атын атайды.
Осыдан кейін тәліптер Кабулға кірді, президенттік сарайды басып алды, енді олар мемлекеттің бұрынғы атауын қайтарғалы жатыр.