​Қала орталығында ер адам полицейлерге оқ жаудырды (видео)

0
1 233

Шабуыл кезінде полицейлердің бірі жарақат алған.


​Қала орталығында ер адам полицейлерге оқ жаудырды (видео)

ERNUR.KZ. Ресейдің астанасы Мәскеу қаласы орталығында ер адам кенеттен еш себепсіз екі құқық қорғаушыға оқ ата бастайды, деп жазады sputniknews.kz.




Оқиға Мәскеу орталығында Сивцев Вражек көшесінде кешкі мезгілде болды. Шабуыл кезінде полицейлердің бірі жарақат алған. Қарулы ер адамға оқ атып, жарақаттап, тоқтатқан.


Оны ауруханаға жеткізді. Зардап шеккен полицейге де медициналық жәрдем көрсетілді. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.


Кейінірек белгілі болғандай, полицейлерге 31 жастағы Қабарда-Балқар Республикасының тумасы шабуыл жасаған екен. Бұл әрекетінің себебі белгісіз.


Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қастандық жасау туралы бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Тергеу комитеті.