Бірақ әзірге бағы жанған адамның аты-жөні хабарланған жоқ.
ERNUR.KZ.АҚШ-та Калифорния штатының тұрғыны Mega Millions лотерея билетінен 522 млн доллар ұтып алды, деп жазады 24.kz.
Бұл туралы лотерея сайтында жарияланды.
Бірақ әзірге бағы жанған адамның аты-жөні хабарланған жоқ.
Айта кетейік, Mega Millions лотереясындағы ең үлкен ұтыс билеті 2012 жылы 656 млн долларды құраған. Ал екінші ірі ұтыс – 648 миллион доллар көлеміндегі джекпотты Калифорния мен Джорджия штаттарының тұрғындары бөліп алған.
АҚШ заңнамасына сәйкес, жолы болған азамат ұтыстың жартысынан көбін бірден ала алады. Ал барлық соманы 20 жылдың ішінде бөліп-бөліп алуына тура келеді.