Калифорния жағажайлары халыққа лық толы

0
741

Штатта коронавирустың таралуы бәсеңдеген.


Калифорния жағажайлары халыққа лық толы

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Ориндж пен Вентура округінің билігі өңірдегі жағажайларды ашқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді демалыс орны халыққа лық толды. Штат губернаторы Гэвин Ньюсом осыған алаңдаулы. Ол штатта вирустың қайта өршуін болдырмау үшін тұрғындарды бірге жиналмауға шақырып, қоғамның денсаулығы үшін жағажайда шектеу шаралары күшейтілетінін хабарлады. Айта кетейік, қазір елдің бірнеше штаттары карантин режимінен шыға бастады. Халық біртіндеп бұрынғы тыныс тіршілігіне оралуда.

– Бұл шешім қаншалықты дұрыс екенін айту қиын, жалпы халық денсаулығына қауіп төндіріп тұрғаны анық. Вирус әлі жүр, ол тіпті жағдай таңдамайды. Жағажайда да болуы мүмкін. Штатта коронавирустың таралуы бәсеңдегенмен, әлі де сақтық шараларына бейқамдық танытпау керек секілді эпидемияның қайта өршуіне жол бермейік, - дейді Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом.