«Қапқа салған»: ұлы анасының қабірін қазып, үйіне апарды

0
798

Ер адам анасының өлімінен кейін қатты қайғырған.


«Қапқа салған»: ұлы анасының қабірін қазып, үйіне апарды

ERNUR.KZ. Индонезияның Проболинго қаласында анасының өлімінен кейін қатты қайғырған ұлы оның мәйітін қабірден қазып алып, үйіне алып кеткен, деп жазады Skifnews.kz.

Қайтыс болған Сумарто есімді әйелдің ұлы Насыр психикалық аурудан зардап шегеді. Ер адам анасының өлімінен кейін қатты қайғырып, 40 күн өткен соң марқұмның мәйітін қабірден қазып алуды ұйғарыпты.

«Ол анасының мәйітін үйіне алып барған. Бұл әрекетін жасыру үшін, мәйітті қапқа салып қойыпты», - дейді жергілікті тұрғын Әмір.

Әмірдің сөзінше, Сумарто жерленген зират орман түкпірінде орналасқан. Ол жаққа адам аз барады, дейді ол.
Осылайша, Насыр анасының мәйітін үйінде сақтаған. Алайда, бұл туралы туысы біліп қойып, мәйітті қайта жерлеуін сұрапты. Артынша Насыр мәйітті қабірге алып барып, жерледі.