Қария 303 литр қан өткізіп, 2000-ға жуық адамның өмірін құтқарды

0
778

Ауруханаға келіп, мұқтаж жандарға көмектесу үшін әр екі апта сайын 160 клилометр жол жүріп келеді.


Қария 303 литр қан өткізіп, 2000-ға жуық адамның өмірін құтқарды

ERNUR.KZ. АҚШ штатындағы Пуэбло қаласының тұрғыны Дейв Махалик 34 жылда 303 литр қан тапсырды. Осының арқасында ол 1920 адамның өмірін құтқарды, деп жазады Stan.kz.

Қария ең алғаш рет қанды 34 жыл бұрын өткізген. Сол кезде анасына қан құю керек болған. Дейв Махаликтің айтуынша, қан өткізу ең алдымен оның үйреншікті ісіне, кейіннен әдетіне айналып кеткен. Ол ауруханаға келіп, мұқтаж жандарға көмектесу үшін әр екі апта сайын 160 клилометр жол жүріп келеді.

34 жылдың ішінде Дейв Махалик 1920 адамның өмірін құтқарды. 640-шы рет донор болғанда оған арнайы төсбелгі берген екен.

"70-80 жаста ешкімге сенің көздерің, жүрегің, бүйрегің керек емес. Алайда, үнемі қан тапсыра алатының ғажап", - деді америкалық.

Қария егер адам қайырымдылықпен айналыса алмаса, қан тапсырып, өзгелердің өмірін осы әдіс арқылы құтқара алатынын ескерді.

"Егер сіз қайырымдылық жасай алмасаңыз, қан тапсыруыңызға немесе соның көмегімен адамдардың өмірін сақтап қалуыңызға болады. Менің ойымша, бұл керемет әрі қоғамымыз үшін пайдалы", - деді ол.

Қария игі ісін әрі қарай да жалғастыра бермек.