«Қатының бедеу ме, демек «жатқыш» болған». Министрдің сөзі жанжалға ұласты

0
3 223

Денсаулық сақтау министрі жасаған баяндамасында бедеулікке қатысты келтірілген факті Интернетте үлкен дау туғызды, - деп жазады «Алаш айнасы».

Ресейде Чуваш Республикасының денсаулық сақтау министрі Владимир Викторов (суретте) Новочебоксарскінің дамуын қорытындылаған баяндамасында:

«Егер әйел адам бала туғанға дейін жеті еркекпен жатып қойса, бұл — 100 процент бедеуліктің кепілі» деп салыпты.

Бұл жиынға 200 адамнан бөлек Чуваш Республикасының басшысы Михаила Игнатьев та қатысып отырған екен. Мұны естіген олар жағасын ұстаған. Жоғары лауазымды адамның осындай ақылға қонымсыз дүние айтуы елдің ашуын туғызған.

Ал ертеңінде Денсаулық министрлігінің порталында «Президенттік перинатарлық орталығының» бас дәрігерінің осы жайтқа қатысты пікірі жарық көрді.

«Қабыну жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардан пайда болады. Әлемдік статистика бойынша, бір ғана хламидиоза жастар арасында 30 процентке өскен. Жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауру 50 процентке артқан. Осыларды ескере отырып, аз ғана жұбы болған әрі жұбын жиі ауыстырған әйелдердің бедеулікке шалдығу деңгейі өте жоғары», – делінген онда.