​Қазақстандық журналистің ұлы еркекпен шаңырақ көтерді (видео)

0
13 126

Той Лондон қаласында өткен.


​Қазақстандық журналистің ұлы еркекпен шаңырақ көтерді (видео)

Қазақстандық медиамагнат Мирболат Кунбаевтың ұлы Айдар Кунбаев Рафаэль Кастро де Мескита есімді еркекпен үйлену тойын өткізді, деп жазады knews.kq.

Той кезінде түсірілген салтанаттың видеосы «жас жұбайлардың» әлеуметтік желідегі аккаунттарында тараған. Бейнежазбада байқалғандай, үйлену тойының салтанатты рәсіміне ыждағатпен дайындалғандары байқалады. Той Лондондағы қонақүй ресторрандарының бірінде өткен.

Тойға жиналған адамның да қарасы әжептеуір, ішінде шаңырақ көтерген еркектердің бірінің ата-анасы Мирболат Кунбаев пен оның әйелі де бар.

Салтанатты дастарханға екі жастың бейнесі салынған тәтті торт қойылып, оркестр музыкамен әрлеген. Сондай-ақ, жас жұбайлардың алғашқы биі де орындалған.

Айта кету керек, Мирболат Кунбаев – қазақстандық танымал журналист әрі медиаменеджер. Ал оның «күйеубаласы» Рафаэль Кастро де Мескита Лондондағы сұлулық салондарының бірінде стилист болып жұмыс істейтін көрінеді.