Оқыс оқиға жексенбі күні түн жарымда Хорватия жағалауынан шамамен 100 шақырым жерде болған.
ERNUR.KZ.Круиздік лайнердің бортынан құлап кеткен Ұлыбритания азаматшасы10 сағат бойы Адриат теңізінде жүзіп жүрген, деп жазады inform.kz.
Оқыс оқиға жексенбі күні түн жарымда Хорватия жағалауынан шамамен 100 шақырым жерде болған.
Жағалаудағы күзет қызметкерлері келесі күні таңертең британдық саяхатшыны құтқарып қалды. Әйел кеменің бортынан құлаған жерге жақын маңда табылды. Құтқарушылар туристің 10 сағат суда жатып, қатты әлсірегенін айтты. Британдық азаматша шұғыл Пула ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер науқастың өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтады.
Оқиғанын мән-жайы анықталуда.