Қазақ мәдениеті үшін шай деген – қонақжайлықтың бір белгісі.
National Geographic журналының редакциясы "Жыл фотографы – 2018" (Travel Photographer of the Year 2018) байқауының жеңімпаздарын анықтады. Бұл туралы Today.kz. сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ деп хабарлайды.
Байқаудың бас жүлдесін Рейко Такахаси (Reiko Takahasi) кит баласының суреті үшін жеңіп алды.
Төрешілер біраз терлеген: осы жылы 10 000 доллар сыйақысы бар бас жүлдеге 13 000 қатысушы таласқан. Байқау үш аталым бойынша өтті, олар: табиғат, адам мен қала.
"Адам" аталымында бірінші орынды Швейцариядан шыққан танымал travel-фотограф Алессандра Мениконзи (Alessandra Meniconzi) жеңіп алды. Ол кеседен шай ішіп тұрған Моңғолияда тұратын этникалық қазақ қызын суретке түсірген. Сурет Моңғолияның батысындағы Алтай таулары аймағында түсірілген.
"Бүркітпен аңға шығудың ежелгі түріне таңғалып көп жүрдім. 2018 жылы бүркітшілер отбасында тұрып, көшіп-қонған уақыттарында қастарында болдым", – деп жазды фотограф.
Ол көшпенділердің тұрмысы мен дәстүрін бақылаған. Суретте фотограф Моңғолиядағы қазақтардың шайының рөлін түсіндіргісі келген.
"Моңғолия халқы көп ел, бірақ тұрғындары қонақтарды өте жомарт қарсы алады. Қазақ мәдениеті үшін шай деген – қонақжайлықтың бір белгісі. Шай жай ғана сусын емес, ол дәстүр, мәдениет, демалыс, салтанат пен рахаттың қосындысы", – дейді Мениконзи.
Кеседегі шайдан бу шығып тұр, ал Дамел қыз қалың киім мен қалың бас киім киген.
"Ауыр, аң терісінен тігілген тон киген Дамел Батыс Моңғолияның суығында жылыну үшін кеседен шай ішіп тұр", – деді фотограф.
Алессандра Мениконзи беделді Travel Photographer of the Year жүлдесінің 2015 жылы да лауреаты болыпты. Оның жұмыстары бірден екі аталым бойынша жеңген: Nature & Environment және Monochrome.
Байқау Жер шарының тамаша келбетін танытуға бағытталады.