ХАМАС кепілге түскендерді айырбастаудан бас тартты

0
502


ХАМАС кепілге түскендерді айырбастаудан бас тартты

ERNUR.KZ. Израильдің Газа секторында атысты тоқтату және кепілге алынғандарды айырбастау туралы ұсынысын ХАМАС қабылдамады, деп жазады inform.kz.

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, кепілге алу туралы ұсыныстың барлығы «желге ұшқан».

ХАМАС Қатар, Мысыр және Америка делдалдарының кепілге алынған 40 адамды босату ұсынысына қарсы. Олар 50 жастан асқан әйелдер мен ерлер санатына жататын 20 адамды ғана босатуға дайын екенін алға тартып отыр.

Сондай-ақ, ХАМАС 20 адамды босатпастан бұрын Израильден 6 апталық бітімге келуді талап етті.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ХАМАС тобының басшылығы атысты 6 аптаға тоқтату туралы ұсынысты қабылдаған жоқ. Олар Израиль әскерінің Газадан шығарылуын талап етіп отыр.