«Кобра сынды жылан етін жеуден жұққан»: әлемді дүрліктірген вирустың жұғу себебі анықталды

0
2 277

Жыландар көбіне жарқанаттармен қоректенеді.


«Кобра сынды жылан етін жеуден жұққан»: әлемді дүрліктірген вирустың жұғу себебі анықталды

ERNUR.KZ. Қытайдың Ухань қаласынан басталған коронавирус 2019 жылдың желтоқсан айының соңында тіркелген, деп жазады sn.kz.

Адамның тыныс жолдарын тез қабындыратын ауыр респираторлық синдром болып табылатын бұл вирус бүгінде әлемді дүрліктіріп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталмыш вирусты «2019-nCoV» деп атады. Вирус 26 адамның өмірін қиған, жүздеген адам ауыр халде жатыр. Ондаған қала бұғатталған, адамдардың кіріп-шығуына тосқауыл қойылған.

Коронавирус ауа арқылы жұғатыны анықталды. Ғалымдар бұл вирус жарқанаттан адамдарға крайт және кобра сынды жылан етін жеуден жұққан деген болжам айтуда. Жыландар көбіне жарқанаттармен қоректенеді. Вирустың ошағы саналатын Ухань қаласындағы базарда жылан саудасы ғасырлар бойы жалғасып келеді.

Міне, сол жыландардан адамдарға вирус жұққан деп отыр ғалымдар. Әзірге вирусты емдеу жолы табылмады.