​Қолға арналған кептіргіштер аса қауіпті – ғалымдар

0
2 092

Бұл құрылғыларды медициналық мекемелердің әжетханаларына орнатуға болмайды


​Қолға арналған кептіргіштер аса қауіпті – ғалымдар

ERNUR.KZ. Зерттеушілер қолға арналған кептіргіштер аса қауіпті бактериялар таратады деген қорытынды жасады, деп жазады sputniknews.kz.

Зерттеулер көрсеткендей, бұл құрылғыларды медициналық мекемелердің әжетханаларына орнатуға болмайды, өйткені бактериялық инфекциялардың таралуына әкеп соғуы мүмкін.

Ғалымдар Франция, Италия және Ұлыбританиядағы ауруханалардың әжетханаларында патогендердің таралуына сараптама жасады, олар қолға арналған кептіргіштер қойылған әжетханалар мен қағаз сүлгілерді пайдаланатын мекемелердегі бактериялар деңгейін салыстырып қараған.

Зерттеу барысында анықталғандай, кептіргіш құралдардың пайдалану бактериялардың көп таралуына әкеп соғады, олардың кейбірін тіпті дәрі-дәрмектің көмегімен де ағзадан жою мүмкін емес.

Яғни, кептіргіштер дұрыс жуылмаған қолдардағы микробтарды ұшырып әкетіп, айналаға бактерия "бүркіп" тұрады. Ал иммунитеті төмен науқастар сол бактерияның салдарынан дертке шалдығуы мүмкін. Сол себепті ғалымдар қолдағы ылғал мен микробтарды бойына сіңіріп алатын қағаз сүлгілерді пайдалануға кеңес береді.