Колумбия өз әскерилерін Украинаға жібереді

0
602

Олар "минадан тазарту жұмыстарына" атсалысады.


Колумбия өз әскерилерін Украинаға жібереді

ERNUR.KZ. Шілде немесе тамыз айларында Колумбия бір топ әскерилерін Украинаға жібереді, деп жазады inbusiness.kz.

Колумбия билігі Украинаның Қарулы Күштеріне "минадан тазарту жұмыстарына" атсалысуды жоспарлап отыр. Алдымен колумбиялықтар Украинамен көршілес елдердің біріне барады. Олар шамамен 5-9 айдай сол аймақта бола алады.
Колумбияның Қорғаныс министрі Диего Моланоның айтуынша, Киевке көрсетілетін көмек елдің "НАТО-дан тыс негізгі одақтас" мәртебесі аясында жүзеге асырылатынын мәлім етті. Колумбиялықтардың бұл қадамы АҚШ-тың Қорғаныс министрі Ллойд Остинмен келісілген.

Бұған дейін Канада билігі 24 ақпаннан бері елге көшіп келген украиналық босқындарға қаржылай көмек көрсететінін жариялады. Елдің иммиграция, босқындар және азаматтық алу істері жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, ересек украиналықтарға 3 000 канадалық доллар (шамамен 2,4 мың АҚШ доллары), ал 17 жасқа дейінгі балаларға 1500 канадалық доллардан (шамамен 1,2 мың АҚШ доллары) беріледі.