Коронавирус зертханадан шықты деген нұсқаны жоққа шығармаймыз – ДДСҰ

0
568

Бұған дейін АҚШ коронавирусты қолдан жасады деп Қытайды айыптаған еді.


Коронавирус зертханадан шықты деген нұсқаны жоққа шығармаймыз – ДДСҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус зертханада жасалуы мүмкін деген нұсқаны қарастырып жатқанын жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус сөзінше, коронавирус қолдан жасалуы мүмкін деген нұсқаның жаны бар. Бұл тұрғыда ол сарапшылардың Қытайда деректерге қол жеткізе алмауын атап өтті. Инфекцияның шығу тегін зерттеудің екінші кезеңі басталатынын сөз еткен Гебрейесус Қытай билігін серіктестіктен жалтармауға шақырды.

"Біз Қытайды серіктестіккке, деректерді жариялауға дайын болуға шақырамыз. Мен өзім зертханада жұмыс істеген иммунологпын, сондықтан зертханаларда оқыс оқиға болып тұратынын білемін. Бұл жиі кездесетін дүние. Бізге зертханадағы жағдай ауру таралмай тұрып қандай болғанын көрсететін ақпарат қажет. Егер біз қажетті мағлұматтарға қол жеткізсек, онда коронавирус зерт ханадан шыққан деген нұсқадан біржолата бас тартамыз", - дейді ДДСҰ басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ коронавирусты қолдан жасады деп Қытайды айыптаған еді.