Коронавирусқа қарсы әртүрлі вакцинаны араластырып салмау керек – ДДСҰ

0
654

Соңғы уақытта екі түрлі вакцинаны араластырып салдыру тиімді деген ақпараттар тараған еді.


Коронавирусқа қарсы әртүрлі вакцинаны араластырып салмау керек – ДДСҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы белгілі бір вакцинаның ғана екі дозасын алуға кеңес береді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ДДСҰ иммунизация бөлімінің басшысы Кейт О'Брайен мәлімдеді.

«Бізде екі түрлі вакцина салу кезінде иммундық реакция сақталатыны немесе оның қауіпсіздігі туралы мәліметтер әзірге жоқ. Екі доза салу қажет кезде екеуінде де тек бір вакцинаны қолдануды ұсынамыз», - деп атап өтті сарапшы.

Сонымен қатар О'Брайен ұйымның AstraZeneca вакцинасының алғашқы дозасынан кейін Pfizer/BioNTech вакцинасының екінші дозасын салуды мақұлдайтындығын түсіндірді, өйткені мұнда аралас иммундаудың дәлелі бар.

Соңғы уақытта екі түрлі вакцинаны араластырып салдыру тиімді деген ақпараттар тараған еді.