Оқиға Германиядағы жергілікті қарттар үйінде болған.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан шығарылды, деп жазады 24.kz.
Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген.
Германияда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу, желтоқсан айының соңында басталған болатын. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын, 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды. Екінші дозасының өзін 25 мыңдай тұрғын қабылдап үлгерген.