Спрейді себу арқылы пайда болатын жаңа бет терісі жұқа талшықтардан тұрады және ол адамның өз терісіне жабысып қалады.
ERNUR.KZ. Жапондық косметологтар адам бетіндегі ақауларды жасыратын спрей-тері ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Спрейді себу арқылы пайда болатын жаңа бет терісі жұқа талшықтардан тұрады және ол адамның өз терісіне жабысып қалады.
Әзірлеушілердің айтуынша, мембрана серпінді және барлық бағытта созылады. Сондай-ақ бүріккіштің теріге зиян тигізбеуіне және оның тығыз жабылмауына назар аударған. Айтуларынша, талшықтардың арасында ауа мен судың өтуіне мүмкіндік беретін микроскопиялық саңылаулар бар.