Кішкентай қызды зорлаған азғын ол әрекетінің видосын достарына жіберіп отырған

0
2 321

Тергеу барысында азғын бүлдіршіннің әлсіздігін пайдаланғаны анықталды. Не боп жатқанын түсінбей, қарсылық көрсетуге қауқарсыз болған.


Кішкентай қызды зорлаған азғын ол әрекетінің видосын достарына жіберіп отырған

Коми Республикасы Печора қаласының 48 жасар тұрғыны ұзақ уақыт бойы кішкентай қызды зорлап келген. Және онысын видеоға түсіріп, достарына жіберіп жүрген. Бұл туралы РФ ТК аумақтық тергеу басқармасына сілтеме жасап life.ru хабарлады.

Қыз баланы зорлағаны және 14 жасқа толмаған балалардың бейнесі бар порнографиялық материалдарды таратқаны үшін айыпталған ер азаматқа қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілген.

Тергеу барысында азғын бүлдіршіннің әлсіздігін пайдаланғаны анықталды. Не боп жатқанын түсінбей, қарсылық көрсетуге қауқарсыз болған. Түсірілген видеороликтерді күдікті жеке компьютерінде сақтап, арнайы бағдарлама арқылы оны достарымен және өзге де желі қолданушыларымен бөлісіп отырған.

Сараптама оның жүйкесінде педофелияға бейім ауытқу бар екенін анықтады. Ер адам жасаған қылмысын мойындады.