Оқиға 14 тамыз күні Краснодар өлкесінде болды.
ERNUR.KZ. Кубаньда жауынгерлік оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады, деп жазады BAQ.KZ.
Экипаждағы бір адам қаза тапты. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
Оқиға 14 тамыз күні Краснодар өлкесінде болды.
Ведомствоның хабарлауынша, Л-39 оқу-жаттығу ұшағы қонуға сәл қалғанда апатқа ұшыраған. Әуе көлігі аэродромға құлап, экипаждың бір мүшесі қайтыс болды. Басқа ешкім зардап шекпеген.
Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.