Түркіменстанда сұлулық салондары әдепсіздік болып саналды.
ERNUR.KZ. Түркіменстанда ер адам ескертпей сұлулық салонына барған әйелін еденге итеріп, ұрып-соққан. Оқиғаның видеосы желіде тарады, деп жазады Stan.kz.
Видеоны сол жердегі шаштараз маманы немесе келуші түсірсе керек. Онда ер адамның әйелін жұлқылып, итеріп еденге құлатқаны, кейін сол жерде ұрып-соққаны бейнеленген. Айқаға басып қатты ауға булыққан ер адамның соққысынан тіпті жанындағы шаштараз орындығы ұшып кеткен. Осы кезде жанында тұрғандар ер адамды қанша сабырға шақырса да оның әрекеттеріне араласуға қорыққан. Кейін ер адам сыртқа шығып кетіп, бірнеше минуттан кейін қайта оралып әйеліне қайта соққы жасаған.
“Қашанға дейін басың ауған жақта жүресің, қашанға дейін сені іздеп жүруім керек?”-деп ер адам түркімен тілінде өз әйеліне айғайлаған.
2022 жылы жаңадан сайланған президент Сердар Бердімұхамедов бірқатар сұлулық қызметтеріне тыйым салатын заң қабылдағаннан кейін, Түркіменстанда сұлулық салондары әдепсіздік болып саналды.
Алғашында түрікмен әйелдеріне шашын бояуға, қысқа қиюға, маникюр, ботокс, депиляция жасауға тыйым салынған. Кейін олардың киіміне қойылатын талаптар күшейтілген.