Күйеуінің көңілдесін ұстап алған әйел оның денесіне ащы бұрыш жағып жазалады

0
2 187

ERNUR.KZ. Он жылдық некесі мен отбасын сақтап қалғысы келген келіншек күйеуінің көңілдесін ұстап алып, жалаңаш денесіне ащы бұрыштан жасалған тұздықты жаққан.


Күйеуінің көңілдесін ұстап алған әйел оның денесіне ащы бұрыш жағып жазалады

иллюстрациялық фото: news.day.az

ERNUR.KZ. Он жылдық некесі мен отбасын сақтап қалғысы келген келіншек күйеуінің көңілдесін ұстап алып, жалаңаш денесіне ащы бұрыштан жасалған тұздықты жаққан, деп жазады life.ru.

Оқиға Вьетнам елінің Тханьхоа жерінде болған. 30 жастағы әйел көңілдесінің қызғаншақ әйелінің құрбаны болды. Оны ұстап алған әйел шашынан ұстап далаға шығарып, жалаңаш денесіне балық май мен ащы чили тұздығын жағып тастаған.

Бұл оқиғаға куә болғандар отбасының шырқын бұзған қыздың әйелдің қолынан қашып шығуға әрекеттенгенін, бірақ оған басқа да әйелдер көмекке келгенін айтқан.

Ал отбасын сақтап қалғысы келген әйел «он жылдық некесін ешкімге бұздырмайтынын, бұл әйелдің күйеуін тартып алмақ болғандығын» көпшілікке жайып салған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткенмен, бәрі тарап кеткен. Қызғаншақ әйелдің құрбаны болған әйел ауруханаға өзі жетіп, ем қабылдауға кіріскен. Егер жәбір көрген әйел көңілдесінің әйеліне қарсы арыз жазатын болса, онда оны адам денсаулығына нақақ зиян келтіру мен қорлау, сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзу бойынша айып тағылмақ.