Құс тұмауы алғаш рет адамға жұқты: дерт Қытайдан шыққан

0
741

Жануарлар арасында ауа-тамшы арқылы тарайтын осы дерт әдетте жабайы және үй құстарының қырылуына әкеледі.


Құс тұмауы алғаш рет адамға жұқты: дерт Қытайдан шыққан

ERNUR.KZ. Қытайда Аш Он Эн Үш ((H10N3)) құс тұмауының адамға жұғуының әлемдегі алғашқы оқиғасы тіркелді, деп жазады 24.kz.

Бұл дерек елдің шығысындағы Цзянсу өңірінде болған. Мамандардың пікірінше, осы дерт құстан адамға кездейсоқ жұққан және оның жаппай тарап кету қауіпі төмен.

Сәуір айының аяғында осы дертке шалдыққан ер адам ауруханаға жатқызлығаны белгілі. Аш Он Эн Үш – бұл А тұмауының бір түрі. Жануарлар арасында ауа-тамшы арқылы тарайтын осы дерт әдетте жабайы және үй құстарының қырылуына әкеледі.

Кейде құс тұмауымен адамдар да ауыратыны белгілі, алайда осы түрі алғаш рет адамға жұққан. Қазір Цзянсу өңірінде эпидемияға қарсы шаралар қабылданып, науқаспен қатынасқан барлық адамдар дәрігерлік бақылауға алынды.