Күзде коронавирусқа қарсы екі валентті вакцина өндіріле бастайды – ДДСҰ

0
765

Екі валентті вакцинаның ерекшелігі – ол алғашқы инфекция мен оның мутациялық штамдарынан қорғайды.


Күзде коронавирусқа қарсы екі валентті вакцина өндіріле бастайды – ДДСҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық өңір бойынша өкілі Витянис Андрюкайтис екі валентті вакцина күзде аяқталатынын айтты, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

"Өнімді дайындаушылар аталған екпені жаппай өндірудің басталуына дайын екендігін айтты", - деп атап өтті ДДСҰ өкілі.

Дәрігерлердің айтуынша, екі валентті вакцинаның ерекшелігі – ол алғашқы инфекция мен оның мутациялық штамдарынан қорғайды.

"Жалпы эпидемиялық жағдай көңіл көншітерлік емес, сондықтан сақтық шараларын сақтаған абзал. Екі валентты вакцина коронавируспен күресте инфекция және оның штамдарымен күресте көмектеседі деп үміттенеміз", - дейді Витянис Андрюкайтис.