Қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленіске байланысты бес ауыл эвакуацияланды

0
661

Тәжікстан тарапы Қырғызстанның 1 шақырымдай аумағына кіріп, контейнер қойған.


Қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленіске байланысты бес ауыл эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленістің қайта өршуіне байланысты Ош облысы Чон-Алай ауданындағы 5 ауылдың тұрғындары эвакуцияланды, деп жазады 24.kz.

Қолда бар мәлімет бойынша 8 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Айта кетейік, кеше Тәжікстан тарапы Қырғызстанның 1 шақырымдай аумағына кіріп, контейнер қойған. Сондай-ақ шекара маңына әскері мен техникасын шоғырландыра бастаған.

Осыған байланысты ресми Бішкек көрші елден контейнерлерін алып, әскері мен техникасын әкетуін талап етті. Сондай-ақ Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Тәжікстан елшісіне наразылық нотасын тапсырды.