Қырғыз-тәжік шекарасында 15 жасар оқушы қыз қайтыс болды

0
686

Қарулы қақтығыс қырғыз-тәжік шекарасында 14 қыркүйекте басталған.


Қырғыз-тәжік шекарасында 15 жасар оқушы қыз қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 15 жастағы оқушы қыз оқ жарақатынан қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Достық ауылының 15 жастағы тұрғыны Эльзада Мәлікқызы снаряд жарақатынан қайтыс болған. Бойжеткен отбасымен бірге тәжік әскерилерінің атқылауынан қашып жүрген.

Жергілікті тұрғындар адамдарды эвакуациялап жатқан шағын автобусқа снаряд түскенін хабарлады.

Қыркүйектің 16-сы күні Қырғызстан мен Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеттерінің басшылары сағат 16:00-де атысты тоқтатуға келісті. Бішкекте халық шеруге шекарада болып жатқан оқиғаларға байланысты шықты. Баткен қаласының шеттері атқыланды. Инфрақұрылым бұзылған. Тұрғындар эвакуациялануда.

Қарулы қақтығыс қырғыз-тәжік шекарасында 14 қыркүйекте басталған. Қырғыз тарапының хабарлауынша, атыс салдарынан екі шекарашы мен үш бейбіт тұрғын жараланған. Тәжікстан екі сарбазының қаза тапқанын және алты жараланғанын, сондай-ақ бейбіт тұрғындардың бесеуі жараланғанын хабарлады.