Қырғызстан мен Өзбекстан шекара бойынша ымыраға келді

0
2 854

​​Тараптар шекараның жалпы учаскесін демаркациялау және делимитациялау жөніндегі жұмысты тек 2017 жылы ғана жүргізе бастады.


Қырғызстан мен Өзбекстан шекара бойынша ымыраға келді

ERNUR.KZ. Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараның барлық даулы учаскелері бойынша ортақ келісімге келді, деп жазады inbusiness.kz.

«Қырғыз-өзбек шекарасындағы барлық даулы учаскелерге қатысты ымыраға келдік», – деді ол. Оның айтуынша, екі елдің шекарасында даулы учаскелер енді жоқ, тек қырғыз тарабы немесе тек өзбек тарабы бар. Ташиев шекара мәселелерін реттеу барысында тараптардың ешқайсысы жеңген де,жеңілген де жоқ екенін айтты. «Барлық шешімдер өзара келісім бойынша қабылданды», – деді Ташиев.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасының ұзындығы –шамамен 1,38 мың шақырым. КСРО ыдырағаннан кейін онда ондаған даулы учаскелер пайда болып, бұған қатысты дау 30 жылға созылды. Тараптар шекараның жалпы учаскесін демаркациялау және делимитациялау жөніндегі жұмысты тек 2017 жылы ғана жүргізе бастады.